Павлодарда көпқабатты үйдің пәтерінен ана мен баланың мәйіті табылды. Қайғылы оқиға Марғұлан көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған.
Оқиғаның мән-жайы
Полицияның мәліметінше, 36 жастағы ер адам өз анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған. Тергеу барысында оның артында хат қалдырғаны анықталды. Онда ер адам әкесінің қайтыс болуынан кейін өмірдің мәнін жоғалтқанын жазған.
Көршілердің айтуынша, бұл отбасы осы үйде көп жылдан бері тұрып келген. Олар жуырда ғана отбасының отағасы өмірден өткенін растады.
Полиция қылмыстық іс қозғады
Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалған.
«Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімінің тергеушілері жәбірленушінің өлімі мен оның ұлының өз-өзіне қол жұмсауы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Белгілі болғандай, ер адам қылмысты жасаған соң өз-өзіне пышақ жарақатын салған», — делінген полиция мәліметінде.