Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева кейінгі уақытта неге киноға түспей жүргенін түсіндірді.
«Рауза» сериалындағы таныстық өмірімнің жаңа кезеңін ашты»
Кәмшат Жолдыбаева Instagram парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.
Желі қолданушыларының бірі актрисадан күйеуі, актер Ғазірет Ержановпен қалай танысқанын сұраған.
«Иә, біз «Рауза» сериалында таныстық. Сол кездегі таныстық өміріміздің жаңа кезеңіне жол ашты», — деп жазды Кәмшат.
«Киноны сағындым»
Актриса сонымен қатар соңғы кездері кинода сирек көрінуінің себебін де түсіндірді.
«Шүкір, шақыртулар аз емес. Бірақ қазір киноға түспеуімнің өз себебі бар. Киноны сағындым, ал кино мені сағынған шығар. Бір күні біз қайта кездесеміз», — деп жазды Кәмшат Жолдыбаева.