Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы төмендеп, зиянды қалдықтардың шоғырлану қаупі бар, «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қай қалаларда ауа ластануы мүмкін
18 қазан күні Актөбе, Алматы, Риддер, Семей, Өскемен, Орал қалаларында және түнгі уақытта Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.
Мамандардың айтуынша, қолайсыз метеожағдай – бұл қысқа мерзім ішінде атмосферада ауа алмасуының әлсіреуі немесе тоқтауы (штиль, әлсіз жел, тұман, инверсия) нәтижесінде зиянды заттардың ауада жиналып қалуына әкелетін құбылыс.
Дәрігерлер мен құтқарушылардың кеңесі
Синоптиктер тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады:
- ашық ауада ұзақ уақыт болмау;
- көлік жолдары мен өнеркәсіп нысандарына жақын жүрмеу;
- өкпе, жүрек-қан тамыр аурулары немесе аллергиясы бар азаматтарға дәрі-дәрмектерін өзімен бірге ұстау;
- үй-жайларды жиі желдетіп, ауа тазалағыш құрылғыларды пайдалану.