Павлодар облысында Солнечный ауылынан аңшылыққа кеткен ағайынды екі ер адам жоғалып кетті.
Pavon.kz мәліметінше, Вячеслав және Николай Лукьянцевтерді іздеу жұмысы «Vita» еріктілер тобының көмегімен жүргізілуде.
«Қарағанды тасжолының бойында екі аңшы жоғалып кетті. 10 қазан күні олар Солнечный ауылынан S494VSM нөмірлі Lada Niva көлігімен аңшылыққа шыққан. Өздерімен қайығы болған. 14 қазаннан бері олармен байланыс үзілген, телефон нөмірлері сөндірулі. Екеуі де хаки түсті киім киген», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ер адамдарды полиция мен еріктілер іздестіруде.