Шығыс Қазақстан облысында экология департаментінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды агенттігіне Yk.kz сайтына сілтеме жасап.
62 жастағы Мамай Бұтабаев 8,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл – соңғы жылдары сыбайлас жемқорлық үшін сотталған аталған ведомствоның үшінші басшысы.
Сот дерегінше, Бұтабаев 2024 жылдың жазында құрылыс компаниясы өкілінен 8,5 миллион теңге алған сәтінде ұсталған. Тергеу бұл әрекетті ірі көлемде пара алу деп бағалаған.
Сот барысында бұрынғы басшы өз кінәсін мойындамаған, айыптауды дәлелдейтін нақты деректер жоқ деп мәлімдеген. Алайда сот оны кінәлі деп таныды.
Сонымен қатар, пара беру және заңсыз алынған ақшаны заңдастыру ісіне қатысы бар екі кәсіпкер де ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
«Мамай Бұтабаев Шығыс Қазақстан облысының экология департаментін небәрі алты ай басқарған. Бұған дейін ол Абай облысында қызмет атқарған. Оның тағайындалуы парамен ұсталған алдыңғы басшының орнына жасалған болатын. Ал одан бұрын департамент басшысының орынбасары да өнеркәсіптік компаниядан заңсыз сыйақы алғаны үшін тергелген», — делінген жарияланымда.
Осылайша, соңғы жылдары өңірдің экология департаментін басқарған үш басшының үшеуі де сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сотталған.
Бутабавқа қатысты үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.