Жаңалықтар

Қазақстанның бес бірдей қаласында экология күрт нашарлайды

Синоптиктердің мәліметінше, 17 қазан күні еліміздің бес қаласында атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы күтіледі.

Бұл құбылыс белгілі бір метеорологиялық жағдайлардың тоғысуымен байланысты: мұндай кезде ауадағы зиянды қоспалар жер бетіне жақын қабатта шоғырланып, таралмай қалады.

«2025 жылдың 17 қазанында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында болжанып отыр», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) дегеніміз не және ол несімен қауіпті?

  • ауа қозғалысының бәсеңдеуі (штиль),
  • әлсіз жел,
  • тұман,
  • температуралық инверсия.

Осындай кезде ауадағы ластаушы заттар таралмай, атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады, нәтижесінде ауаның сапасы уақытша төмендейді. Әсіресе бұл жағдай өнеркәсіптік аймақтарда және тығыз қоныстанған аудандарда айқын сезіледі.

Добавить комментарий