Бұл – еліміздің аталған беделді байқауға тұңғыш рет қатысуы. Сайыс 29 қыркүйекте басталған, ал финалдық кезең 18 қазанда өтеді.
23 жастағы Томирис Қадырхан ірі мұнай өңдеу компаниясында еңбек етеді. Ол қазіргі заманғы қазақстандық әйелдің табысты, өршіл, сонымен қатар нәзік бейнесін көрсетеді. Жас ару спортпен шұғылданады, психология мен мәдениетке қызығушылық танытады.
Ұйымдастырушылар алғашқы қарсы алу рәсімінен фотосуреттер жариялады.
Айта кетейік, бұған дейін Таиландтан шыққан студент қыз «Әлем аруы – 2025» атанған болатын.

