Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 95.01 ұпай жинап, жарыстың аралық көшбасшысы атанды.
ҚР ҰОК мәліметінше, екінші орынды Грузия спортшысы Ника Егадзе иеленді — 87.58 ұпай. АҚШ өкілі Джейсон Браун 86.61 ұпаймен үшінші нәтижені көрсетті.
Қазақстандықтар арасынан Диас Жиренбаев жетінші орынға табан тіреді (77.14), Никита Кривошеев — 16-шы (59.33), Олег Мельников — 17-ші орынға жайғасты (54.19).
Айта кетейік, еркін бағдарлама 4 қазанда өтеді.
Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалына еліміздің атынан кімдер қатысатынын жазған едік.

