Тәжікстан СІМ басшысы әріптесін жоғары лауазымға тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі.
Министрлер екіжақты көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ өңірлік және халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдетуге, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға барынша ықпал етуге дайындық расталды.
Сонымен қатар сұхбаттастар алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрі Ресей Елшісін қабылдағанын жазған едік.

