Олар Юлия Бакирова, Әсем Қуандық, Дарья Комарова және Линара Жәдігерова.
Төртеуі де Аэроғарыш комитетіне қарасты ұйымдардың қызметкері.
Олар 10 тәулік бойы ғарыш кемесінің көшірмесіне ұқсайтын арнайы жерүсті модуль-имитаторында болады.
Оны ғарышкер, Қазақстан батыры Айдын Аймбетовтің бастамасымен Eurasian Ventures Group компаниясы әзірлеген.
Айта кетейік бүгін Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында «SANA-1» бірегей зерттеу жобасы іске қосылды. Бұл модуль ғарышқа ұшқандай әсер қалдырады.
Осыдан бұрын Қазақстан үш ғарыш аппаратын экспорттаудан 75 млн доллар табыс алатыны анықталды.

