Сессия барысында Алматы қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті қаралды. Сұрақ-жауап кезінде депутаттар Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы Батырхан Сүлейменовтан «Кемел» шағын ауданында ұзаққа созылған абаттандыру жұмыстары туралы сұрады.
— «Кемел» шағын ауданында аумақты абаттандыру жобасы 2021 жылы басталған. Сол уақыттан бері бізде 2 мердігер болды және екеуімен де сот болды. Бұл істер Алматы әкімдігінің пайдасына шешілді. Сот үкімімен алдын ала берілген қаражат қайтарылады, — деді ол.
Сондай-ақ ол 2025 жылдың соңына дейін ескірген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілетінін атап өтті. Айтуынша, абаттандыру жұмыстары 2026 жылдың қазан айына дейін аяқталады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда опырылған жол үшін мердігер жауапқа тартылды.

