Дипломат РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Ермек Көшербаевты ҚР СІМ басшысы болып тағайындалуымен құттықтауын жеткізді.
Тараптар көпқырлы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, оның стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.
Ерекше назар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне аударылды. Бұл іс-шараның екіжақты байланыстарды барлық бағыт бойынша жандандырудағы жоғары маңызы расталды.
Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Сұхбаттастар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және халықаралық аренада іс-қимылдарды тығыз үйлестіруге дайындығын растады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалғанын хабарлған едік.