Бұған дейін иммиграция және есірткі саудасы бойынша Трамп әкімшілігімен қақтығысқан Петро БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінің алдында Палестинаны қолдайтын топпен сөйлесті.
– Әлемдік держава Америка Құрама Штаттарының күшінен асып түсуі керек. Сондықтан осы жерден Нью-Йоркте АҚШ армиясының барлық сарбазынан мылтықтарын адамзатқа бағыттамауын сұраймын. Трамптың бұйрығына бағынбаңдар. Адамзаттың бұйрығына бағыныңдар, — деп мәлімдеді Колумбия басшысы.
Петро сонымен бірге БҰҰ Бас ассамблеясында Трампты тікелей сынға алып, оның Газа секторындағы «геноцидке қатысы бар» екенін айтты.
Petro en NY fue a la calle en una escena, la más ridícula posible, a decirle a la Fuerza Armada de Estados Unidos que no deben obedecer a Trump…
Deberían internarlo ya… en una clínica… pic.twitter.com/mALeCueSmb
— Vicky Dávila (@VickyDavilaH) September 26, 2025
Осыдан кейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Колумбия президентінің визасынан айырылғанын жариялаған мәлімдеме жасады.
– Бүгін таңертең Колумбия президенті Нью-Йорк көшелеріне шығып, америкалық сарбаздарды бұйрыққа бағынбауға және зорлық-зомбылыққа шақырды. Біз Петроның бұл әрекетіне байланысты оның визасын алып тастаймыз, — делінген хабарламада.
Earlier today, Colombian president @petrogustavo stood on a NYC street and urged U.S. soldiers to disobey orders and incite violence.
We will revoke Petro’s visa due to his reckless and incendiary actions.
— Department of State (@StateDept) September 27, 2025
Бұған дейін АҚШ Колумбияны есірткіге қарсы күресте ынтымақтаспайтын елдер қатарына қосқанын хабарлағанбыз.