ҚР ҰОК мәліметінше, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Әділет Алмат финалдық кезеңге өтті.
Жартылай финалда отандасымыз жапониялық Есито Ходзеге есе жіберді. Енді дзюдошы қола медаль үшін Түркия өкілі Ведат Албайракпен белдеседі.
Айта кетейік, Қазақстан дзюдодан Қытайдағы Гран-при жарысының алғашқы күнін жүлдесіз аяқтады.
Қытайдағы Гран-при турнирінде 8 қазақстандық дзюдошы бақ сынайды.