Жаңалықтар

Риддерде жылу беріле бастады

Кеншілер қаласында жылыту маусымы басталып кетті. Жылдағы дәстүрге сай әуелі әлеуметтік нысандарға, одан кейін тұрғын үйлер мен басқа да мекемелерге жылу беріледі.

— Ауа райының суытып кетуіне байланысты 24 қыркүйекте Риддер қаласындағы әлеуметтік-мәдени нысандарға жылу беріле бастады. Ал 30 қыркүйектен Риддер көпқабатты тұрғын үйлерді жылуға қосу жоспарланып отыр, — деп хабарлады «Шығыс жылу» АҚ Риддер филиалынан.

Еске салсақ, бұған дейін Риддердегі жылу орталығының жылыту маусымына дайындығы қалай екендігі жайлы жазғанбыз. 

Сондай-ақ Алматы облысының қай аудандарына бірінші жылу берілетіндігі хабарланған.

Добавить комментарий