ЕСІМДЕР
62 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Бәкірұлы ТІНІКЕЕВ дүниеге келді.

Қарағандыда туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тау-кен инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қарағанды техникалық университетінің техника ғылымдарының құрметті докторы.
Еңбек жолы: 1980-1981 жылдары «Қарағанды көмір» ӨБ № 22 шахтасында электр слесарі, 1981-1983 жылдары әскери қызмет, взвод командирінің орынбасары, Польша Халық Республикасында Солтүстік әскерлер тобы, 1983-1990 жылдары «Қарағанды көмір» ӨБ «Киров» шахтасының № 4 учаскесінде тазалау кенішінің тау-кен жұмысшысы, 1990-1993 жылдары ХІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болды. 1994-1995 жылдары ХІІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 2002-2004 жылдары ІІ сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2004-2007 жылдары ІІІ сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2007-2011 жылдары ІV сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2012-2016 жылдары V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2016 жылы VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
«Парасат», «Құрмет», т.б. орден-медальдармен марапатталған.
59 жыл бұрын (1966) Халықты әлеуметтік қорғауды реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Айнұр Қанапиқызы САТАЕВА дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы экономика және статистика институтын бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген (2002).
Еңбек жолы: «Кустанайелеватормельстрой» тресінің Комсомольская ПМК-202 зертханашысы (1986-1987); Урицкий атындағы техникалық түгендеу бюросының түгендеу қызметінің түгендеу технигі (1987-1997); Қостанай облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының жетекші маманы (1997-2001); Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде бас маман, бөлім бастығы, бөлім бастығы (2001-2010); Қостанай облысы әкімдігінің бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма басшысының орынбасары (2010-2017); Қостанай облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары (2017-2025).
2025 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
52 жыл бұрын (1973) «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының ресми өкілі Марат Охапұлы МҰХАМЕДСАЛИЕВ дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
БАҚ және PR саласында 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр жылдары «Хабар», «Қазақстан», АстанаТВ телеарналарында жаңалықтар мен талдау бағдарламаларының редакторы, жүргізушісі болды. 2000 жылы «Kazakhoil» ҰМК Баспасөз қызметі басшысының орынбасары, 2003 жылы «ҚазМұнайТеңіз» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры, 2004-2005 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-да қызмет атқарды.
2007-2013 жылдары «KEGOC» АҚ баспасөз хатшысы, 2013-2018 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ, 2018-2020 жылдары «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ компанияларында баспасөз хатшысы қызметінде болды. 2020-2021 жылдары «Ғылым қоры» АҚ қоғаммен байланыс саласында жұмыс істеді. 2021-2023 жылдары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарған.
2023 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
46 жыл бұрын (1979) ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Жанат Жұмағазинқызы МЕКЕЕВА дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы, Самара ауданы, Самар ауылында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті және құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Денсаулық сақтау, білім беру басқармаларында, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеген; «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары (2016-2022); «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2022-2023); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі (2023-2024).
2024 жылдың ақпан айынан бері қазіргі қызметінде.
45 жыл бұрын (1980) Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Максимұлы ХАСАНОВ дүниеге келді.

Индер ауданы, Индер ауылында туған. Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Атырау облысы Ішкі істер департаменті жүйесінде жұмыс істеген (2002-2005); кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы (2005-2006); Атырау облысы әкімінің бас маманы, бас инспекторы (2006-2010); аудан әкімі аппаратының меңгерушісі, Мақат ауданы әкімінің орынбасары (2010-2014); облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары (2014); Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы, әкімінің орынбасары (2014-2019); Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2019-2021); Атырау облысы Исатай ауданының әкімі (2021– 2023); Атырау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы (2023-2024).
2024 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.
43 жыл бұрын (1982) Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Бекбашұлы ТІЛЕМІСОВ дүниеге келді.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі: Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы прокурорының көмекшісі (2005-2010); Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында департамент және әкімшілік прокуроры, облыс прокурорының көмекшісі (2010-2016); Шымкент қаласы Сарыағаш және Абай аудандары прокурорының орынбасары (2016-2020); Түркістан облысы Төлеби ауданының прокуроры (2020-2021); Түркістан облысы Сайрам ауданының прокуроры (2021-2025).
2025 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
43 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатқызы ЩЕГЛОВА дүниеге келді.

Семей қаласында дүниеге туған. 2004 жылы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, 2007 жылы — Қазақ экономикалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша, 2011 жылы — Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2004-2006 жылдары ҚР Ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің жобаларды басқару бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап «Зерде «ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-да инфрақұрылымдық жобалар мониторингі департаментінің бас менеджері лауазымында жұмыс істей бастады, кейін ақпараттандырудың сервистік моделі департаментінің директоры лауазымына ауыстырылды. 2017 жылы Басқарушы директор лауазымына тағайындалды, содан кейін «Зерде «ҰАХ»АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2018-2019 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметін атқарған. 2019-2020 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, 2020-2023 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметіне 2023 жылғы 27 қарашада кірісті.