Алдын ала мәлімет бойынша, Белуджистанның оңтүстік-батысындағы Ханозай ауданынан Дера Исмаил Хан ауданына бет алған көліктің тежегіші істен шығып, жүргізуші бұрылыста тізгінге ие бола алмай, жүк көлігі жолдан шығып, сайға құлаған.
Оқиға орнына полиция мен құтқару жасағы жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті.
Агенттіктің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында 5 әйел мен кем дегенде үш бала бар. Жол апатынан зардап шеккендер жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізілді.
Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады.
Бұған дейін Семейде автобус пен манипулятор соқтығысқаны туралы жаздық.