Ролик авторы өзенді жақын маңда орналасқан сауда ойын-сауық орталығы ластауы мүмкін деп күдік келтіріп отыр.
Shymkent Plaza сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі өзіне тағылған айыппен келіспейді. Олар өздерінен шығатын судың орталықтандырылған қалалық кәріз желісіне жіберілетінін айтады.
-Біз халықтың алаңдаушылығын жақсы түсініп отырмыз. Алайда біз қолданатын су арнайы құрылғылардың көмегімен тазартылады. Сондай-ақ «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығынан шығатын шаруашылық, өндірістік мақсаттағы судың тек қалалық орталықтандырылған кәріз жүйесіне ғана жіберілетінін мәлімдейміз. Сол себепті біздің тараптан лас суды Қошқарат өзеніне жіберіп жатыр деген ақпарат шындыққа сәйкеспейді,-деп мәлімдеді «Shymkent Plaza» орталығының өкілдері.
Қалалық ортаны дамыту басқармасы мәселенің бақылауға алынып, тиісті шаралар қолданылатынын айтты. Ал экология департаментінің өкілдері мамандар оқиға орнына барған кезде құбырдан өзенге су жіберу фактісі анықталмағанын айтты.
— Егер ресми шағым түсетін болса, кезектен тыс тексеру тағайындалады,-дейді ведомство өкілдері.
Бұған қоса санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері арнайы тексеру жүргізілгенін айтты.
— Әл-Фараби ауданы әкімдігі, Шымкент қалалық экология департаменті және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері бірлесіп, арнайы тексеру жүргізіп, құбыр арқылы Қошқарата өзеніне ешқандай да су жіберілмегенін айтып отыр. Соған қарамастан бұл мәселе құзырлы органдардың бақылауында болады,-деп нақтылады басқарма мамандары.
Жалпы, бұл Қошқарата өзеніне лас судың араласып жатқаны жөнінде әлеуметтік желіге тараған алғашқы хабар емес. Осыған дейін тұрғындар судың қызыл түске боялғаны туралы хабарлаған.
Осыған дейін Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы жазған едік.