— Цифрлық құқықтық орта барлық салада тепе-тең әрі бір мезетте дамуы тиіс. Цифрлық заңдармен қатар, қылмыстық, әкімшілік және іс жүргізу заңнамасына жүйелі өзгерістер енгізу қажет. Қазіргі таңда онда цифрлық ортадағы құқық бұзушылықтарды тергеуге арналған цифрлық дәлелдемелер мен цифрлық криминалистика тетіктері жоқ. Сонымен қатар, Жасанды интеллект туралы заң күшіне енгеннен кейін салалық заңнаманы бейімдеу қажет болады. Келесі маңызды жайт, бүкіл әлемде құқықтық модельдер заңдармен қатар заңнамалық нормативтік-құқықтық актілердің, этикалық және техникалық стандарттардың, корпоративтік саясаттардың да маңызды рөл атқаратындай етіп қалыптасуда, — деді депутат.
Оның айтуынша, эксперименттік құқықтық режимдер тәжірибесі таралып жатыр. Бұл қатаң құқықдың дамуға кедергі келтіруі мүмкін деген алаңдаушылықпен байланысты.
— Дегенмен, мұндай тәсілдің жұмыс істеуі үшін сапалы сараптама, аудит, бақылау және стандарттау институттарын қалыптастыру қажет. Қазіргі заңнамада аудит міндетті немесе ерікті сипатта болғандықтан дайындыққа уақыт бар. Алгоритмдерді әділеттілік, орнықтылық және қауіпсіздік тұрғысынан тексеру қазірдің өзінде өзекті. Халықаралық стандарттарға сай, бірақ ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, техникалық стандарттарды жаңарту және енгізу қажет болады, — деді екатерина Смышляева.
Депутат жақын арада енгізу деңгейін бағалауға арналған ұлттық индекстермен жұмыс істеу керектігін айтады. Себебі халықаралық рейтингтердің байланыстылығы мен бейтараптығы ішкі шешімдер үшін нақты көріністі әрдайым көрсете бермейді.
— Реттеудің маңызды аспектілерінің бірі — цифрлық заңдардың техникалық ерекшеліктерге толы болуы, жаңа ұғымдардың гуманитарлық түсінік үшін күрделілігі. Мұндай заңдарды іске асыру үшін цифрлық судьялар, адвокаттар, прокурорлар мен заң кеңесшілерін дайындауымыз қажет. Әйтпесе, қателіктерге жол берілуі мүмкін. ЖИ дәуіріндегі цифрлық құқықтың тағы бір ерекшелік ерекшелігі бүгінде заңдарды заңгерлер оқиды. Ал ертең оларды алгоритмдер де түсіне алуы тиіс. Сондықтан дәл қазірдің өзінде машинамен оқылатын нормативтік-құқықтық актілер форматы туралы ойлануымыз қажет, — деді ол.
Айта кетейік, тыңдалым барысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов заңнамаға заңнаманы ЖИ-технологиялардың дамуына бейімдемеудің салдары туралы пайымын білдірді.