Германия соты Сирия азаматының баспана беруден бас тарту туралы шешімге қарсы шағымын қанағаттандырмады.
Сот құжатында көрсетілгендей, ер адамға Асад режимі, Дамаскідегі уақытша үкімет немесе елдің солтүстік пен шығысындағы күрдтердің өзін-өзі басқару әкімшілігі тарапынан қудалау қаупі жоқ.
Судьялардың пікірінше, арызданушы азаматқа Отанында әскери әрекеттердің салдарынан зардап шегіп немесе мерт болу, сондай-ақ өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерінен қауіп төніп тұрған жоқ. Бұдан бөлек, ол Сирияда туыстарымен бірге тұра алады және біраз уақыт өзін елге оралғандарға арналған қолдау бағдарламалары аясындағы төлемдер мен заттай көмектің есебінен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар.
Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ, арызданушыға апелляция беру құқығы сақталады. Ол бастапқыда Германиядан баспана сұрау жөніндегі өтінішті 2023 жылдың қазан айында тапсырған болатын.
Осыған дейін 500 мыңға жуық сириялықтың Түркиядан еліне оралғаны туралы жаздық.

