Компанияның акциялары жыл басынан бері 32%-дан астам өсті, бұл Amazon, Apple, Microsoft, Nvidia, Tesla және Meta кіретін жеті ірі технологиялық компаниядан тұратын «Ғажайып жетілік» деп аталатын топтың ішіндегі ең жақсы көрсеткіш.
Осылайша, Alphabet 3 трлн доллар белгісіне жетіп, басқа технология алпауыттары Apple және Microsoft-қа қосылды, ал ЖИ үшін чип өндіруші, әлемдегі ең қымбат компания Nvidia-ның нарықтық капиталдандыруы 4,25 трлн доллар болып отыр.
Осы айдың басында АҚШ соты Alphabet-ке Chrome браузері мен Android мобильді операциялық жүйесін бақылауға рұқсат бергеннен кейін инвесторлардың көңіл күйі жақсарды, бұл іздеу және мобильді экожүйелердегі үстемдігі ұзақ уақыт бойы бақылауға алынған компания үшін бетбұрыс болды.
Еске сала кетсек, 5 қыркүйекте Еуропалық комиссия Google компаниясын жарнама алмасу құралы AdX арқылы нарықтағы үстемдігін теріс пайдаланғаны үшін 2,95 млрд еуро айыппұл төлеуге міндеттеді.
Бірнеше күннен кейін Трамп Google-ді қорғап, Еуроодаққа жауапты шаралар қолданатынын мәлімдеді.