2025 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанға 7,5 миллион шетелдік келген. Олардың ішінде 5 миллионы ел аумағында бір күннен артық уақыт болған.
Бұл көрсеткіш өткен жылы тіркелген рекордтық өсімді растап отыр. 2024 жылы Қазақстан шетелден 15 миллионнан астам турист қабылдаған болатын. Ал ішкі туризм бойынша 10 миллионнан астам азамат ел ішінде саяхаттаған.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан соңғы жылдары шетел азаматтары үшін барынша ашық елге айналған. Қазіргі таңда 87 елдің азаматы визасыз, тағы 107 елдің азаматы электронды визамен кіре алады.
Сонымен қатар, «Ашық аспан» саясаты арқылы былтыр 22 жаңа халықаралық әуе рейсі ашылса, биыл тағы 32 маршрутты іске қосу жоспарланған.